
Экоакцияға Мәжіліс депутаты, қауымдастық төрағасы Сергей Пономарев бастаған өзге де ұйым өкілдері, елордалық этномәдени бірлестіктер мен ассамблеяның қоғамдық құрылымдары қатысты.
Қатысушылар «Достық» аллеясында бірнеше жас шырша отырғызды.
«Бүгінгі кездесудің «Достық» аллеясында, Достық үйінің маңында өтуі өте символдық мәнге ие. Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдайды. Бүгін біз – түрлі этностар мен ұрпақтардың өкілдері осында бірге еңбек етіп жатырмыз. Балаларымыз алдағы уақытта қоқыс тастамайды және өзгелерге де ондайға жол бермейді деп сенемін.
Кейбіреулер: «Бұл бос әурешілік, бәрібір ластай береді» дейді. Ал мен керісінше, көпшіліктің тазалыққа деген көзқарасы өзгереді деп сенемін. Сондықтан бүгінгі еңбегіміз зая кетпейді», – деді Сергей Пономарев.