Театр • Бүгін, 09:35

Театр маусымы «Mamma mia!»­-мен ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан об­лыс­тық драма және оперетта теа­тры жаңа маусымды әйгілі «Mamma mia!» қойылымы­мен бастады. Көпшілікке бел­гілі спектакльге көзіқарақты көрерменмен бірге облыс басшылығы да келді. Айта кетейік, аз ғана уақыт ішінде оперетта театрының жұмысы жандана түскен.

Театр маусымы «Mamma mia!»­-мен ашылды

Шығыс Қазақстанда өт­кізіліп жатқан көптеген мә­дени іс-шараның бірі, бі­регейі – осы оперетта театры­ның жұмысы. Бұған дейінгі қойылған қай спек­такльді алсақ та, зал лық толып, ха­лық­тың қошеметіне бөленіп келеді. Ал әйгілі швед тобы­ның әндеріне негізделген «Mamma mia!» мюзиклі кө­рер­­менге ерекше көңіл күй сыйлағандай. Олай дейтініміз, екі жарым сағатқа созылатын екі бөлімді қойылымды ел тапжылмай көріп шықты. Көңілді көріністі бастан-аяқ тамашалаған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та оң бағасын беріп, әлеуметтік желіде бөлісті.

Еске салсақ, қаланың қақ ортасындағы көне ғимарат оперетта театры болып ашыл­ғалы мюзиклдер мен опе­­рет­талар, опералар мен музы­калық қойылымдар қойы­лады. «Mamma mia!» ең алғаш 1999 жылы Лондонда сах­наланған. Содан бері әлем­нің 50-ден астам елінде көрсетіліп, жүздеген миллион көрерменді тәнті етті. Ең қызығы, Шығыс Қазақ­стан облыстық драма және оперетта театрында бұл туын­ды қазақ тілінде де сах­на­ланған.

 

Шығыс Қазақстан облысы