Білім • Бүгін, 17:51

Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы кейінгі бес жылда 2 есе көбейіп, жаңа оқу жылынан бастап 84 мың теңге болды. 2004-2005 оқу жылында 1800-ге жуық «Алтын белгі» иегері педагогикалық мамандыққа оқуға түссе, биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдаған. Бұл – осы жылы оқу бітірген «Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығын құрайды.

Жас педагогтерді қолдау мақсатында педагог-тәлімгерлер мен педагогикалық қызметін жаңа бастайтын жас мамандар үшін арнайы білім беру курстарының бағдарламалары мен әдістемеліктері әзірленген. Одан бөлек ауылға білікті кадрларды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып жатыр.