
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Жылдың үздік өңірлік БАҚ
- Жылдың үздік подкасты
- Жылдың үздік YouTube-арнасы
Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «Үркер – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
«Үркер» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.