Мәдениет • Кеше

Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті

Кездесу барысында Аида Балаева ұйым басшысы орынбасарына «Үстірт» аралас мұра объектісінің номинациялық құжаттамасын табыстады. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Дүниежүзілік мұра орталығына алдын ала бағалау үшін және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тапсырылды.

Номинациялық құжаттама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды. Мемлекет басшысы еліміздің бірегей тарихи-мәдени және табиғи нысандарын халықаралық деңгейде насихаттау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын.

Айрықша атап өтерлігі, аралас мұра объектісі посткеңестік елдер тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Үстірт – археологиялық ескерткіштер, дәстүрлі аңшылық тұзақтар-араны және табиғи тұтастықта үйлескен қайталанбас мәдени әрі табиғи ландшафт.

ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы белсенді ұстанымына ризашылығын білдіріп, ұсынылған бастаманың аса маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше