
Фото: istockphoto.com
Келісімге сәйкес, тараптар сот үкімін орындау немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында өз аумағында жүрген адамдарды бір-біріне беру міндеттемесін қабылдайды. Бұл норма ең кемі бір жылға бас бостандығынан айыру немесе одан да ауыр жаза қарастырылған құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады. Үкімді орындау үшін ұстап беруге сұрау салу кезінде қалған жаза мерзімі кемінде алты ай болған жағдайда жол беріледі.
Сонымен бірге бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Мәселен, жеке тұлға сұрау салынатын тараптың азаматы болса, қылмыс саяси сипатта жасалса, сұрау салу нәсіліне, дініне немесе ұлтына байланысты қудалауға немесе жазалауға қатысты болса, қылмыс әскери қылмыс болса немесе сұрау салынған тарап жеке тұлғаға баспана берген жағдайларда ұстап беруден бас тартылады.
Құжаттың орындалуын қамтамасыз ететін құзырлы органдар ретінде Қазақстанның Бас прокуратурасы және Марокконың Әділет министрлігі белгіленді.