
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
2025 жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан еді.
Бүгін Алматы облыстық соты осы сот қаулысына қатысты адвокаттың жеке шағымын қарады. Сотталушының адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті.
Сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға негіз таппады.
– Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі, тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ, – деп мәлімдеді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енді.