
Электрлік әуе таксиімен айналысатын «Joby Aviation» компаниясы «Uber» платформасында «Blade Air Mobility» тікұшақтарын ұсынбақшы. Қызмет алғашында әуежайларға қатынау бағыттарында жұмыс істейді. «Joby»-дің коммерциялық қызметі 2026 жылы Дубайда басталмақ, кейін АҚШ-та, басқа жерлерде де қолданыла бастайды. Ал 2029 жылы «Uber» пойызға билет сатуды да бастайды. Бұл кәдімгі пойыз емес, сағатына жүздеген шақырымға жүйткитін жедел пойыздар. Алғашқы бағыттары – Лондон, Париж, Брюссель, Лилль қалалары. Осылайша, такси шақыру да, тікұшаққа отыру да, тіпті пойызға билет алу да бір ғана қосымшада қолжетімді болмақ.