
Сурет: 9emhana.kz
Қызмет емханаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
Науқаннан тыс уақытта да емхананы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ емхана қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолданады.
Бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. Өткен жылы тіркелу қызметін азаматтар 3,6 млн-нан астам рет пайдаланса, олардың 2 905 013-і «eGov.kz» порталында, 722 198-і «eGov Mobile» қосымшасында рәсімделді. Биыл (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.
Аталған қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде емханаға тіркей алады.
Жаңарту Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.
Бекзат Мыңайдар