ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:15

Жастарға жауапкершілік жүктеледі

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әрбір Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды құжат. Оның негізінде нақты іске асатын жауапкершілік жүктелген міндеттер мен бастамалар жатыр. Сондықтан жыл сайынғы Жолдауды ұйым мүшелерімен және рухтас әріптестерімізбен бірге жаңа саяси кезеңге жасалатын жоспарлар мен басым бағыттарды айқындайтын маңызды қадам ретінде қабылдаймыз.

Жастарға жауапкершілік жүктеледі

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Жасанды интеллект арқылы жаңа басқару формаларын ен­гізу, мемлекеттік қызмет пен қо­ғам­да цифрландыруды те­рең­дету, сондай-ақ нақты нәти­же­лер­ге жұмыс істеу Жолдау­­дағы негізгі месседждердің бірі болды. Сонымен қатар Мемле­кет басшысы азаматтардың қар­жылық сауатын арттыру қажет­тігіне ерекше тоқталды. Бұл бағытта жүзеге асырылып жат­қан «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын әрі қарай жалғастыру маңызды екенін айтты.

Партиялық жоба аясында күні бүгінге дейін 845 мың адам қаржылық сауатын арттырып, заңгерлік көмек алды. Мұндағы басты мақсат – халықтың қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Аталған жоба еліміздің түк­пір-түкпірінде халықтың қаржы­лық білімін кеңейтіп, эконо­микалық тұрғыдан өмір сапасын арттыруға жол ашты. Бұл бағыттағы іс-шаралар кешенін «Amanat» партиясы қарқынды жалғастырады.

Сондай-ақ партия тарапынан «Цифрлық қоғам» жобасы іске қосылды. Ол түрлі әлеуметтік топты қамтиды. Цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен білім әр адамға қолжетімді болуы керек. Партиялық жоба аясында жастар мен азамат­тардың ақ­па­раттық кеңістікте еркін әрі қауіп­сіз болуына жағдай жасалады.

Президент эко-сана мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жайында да сөз етті. «Таза Қазақстан» жалпы­ұлттық жобасын жүзеге асы­рып, атсалысып жүрген жастарға ерекше алғысын жеткізді. Тұрақты іс-шараға айналған «Таза Қазақстанға» рухтастар­дың қосқан үлесі ерекше. Был­тырдан бері Жастар қанаты экологтер, еріктілермен бірлесе ауқымды жұмыс атқарды. 1 200 шақырымды қамтыған Road-эстафета, әр бейсенбі өтетін тұрақты тазалық акция­лары мен түрлі экологиялық іс-шара қоғам белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тереңдетуге зор ықпал етіп жатыр. Бұл баста­малар экологиялық тәр­бие­нің үлгісіне айналып, ел болашағы үшін маңызды мәдени өзгерістерге жол ашады.

Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім, жауапкершілік артып отыр. Осы үдеден шығып, жастардың қоғамға пайдалы болуы – жауапты әрі маңызды іс. Жаңашылдық, жасампаздық, отаншылдық қасиеттерді алға тартып, біз де өз тарапымыздан жүйелі жұмыс істейміз.

 

Ақерке ИСКАНДЕРОВА,

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» қанатының төрағасы