
Қуатты құрылғы бір секундта квинтиллион операция орындай алады. Бұл – бір мезетте 10 миллионнан астам ноутбуктің жұмыс істеуіне тең көрсеткіш. Суперкомпьютерді жасауға «Atos» пен «ParTec» компаниялары атсалысқан. Жоба «Nvidia» процессорларының негізінде құрастырылған.
Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, бұл бастама Еуропаның АҚШ пен Қытайды жасанды интеллект саласында қуып жетуге көмектеседі. «Jupiter» тек ІТ саласында емес, биотехнология, климаттық зерттеулер, басқа да стратегиялық маңызды бағыттарда қолданылады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам Еуропаның шетелдік цифрлық қызметтерге тәуелділігін азайтып, өз ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.