
Сенатор Бекболат Орынбековтің айтуынша, бүгінде инвестиция тарту мәселесі қарқынды өсіп келеді. Алайда Президент Жолдауында атап өткендей, ең күрделі мәселе – өндірісті дамыту.
«Қытайға барған сапар барысында мемлекетаралық келісімдер жасалып, Алатау Сити жобасы бойынша нақты шешімдер қабылданды. Бұл цифрлық қала ретінде дамитын болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы айтқандай, шетелдік инвестиция тартудың маңызды бағытының бірі – салықтық жеңілдіктер», деді сенатор.
Орынбеков Президенттің Жолдауында жаппай цифрландыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт әрбір министрлік пен әкімдіктің жұмысына тікелей қатысты.
«Жасанды интеллектіні енгізу мәселесі де өте өзекті. Ал жалпы Жолдаудың негізгі бағыттары айқындалды. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға да кеңінен тоқталды», деді Бекболат Орынбеков.