Ғалам ғажаптары • 06 Қыркүйек, 2025

Хамелеон неге құбылады?

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпшілік хамелеондар түсін тек жасырынып қалу мақсатында өзгертеді деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде, бұл ғажайыптың сыры әлдеқайда тереңірек.

Хамелеон неге құбылады?

Хамелеондар ең алдымен бір-бірімен «сөйлесу» мақсатында реңін өзгертеді. Ашулы болса, қою түстерге боялады, ал тыныш әрі бейбіт күйде болса, жұмсақ түстерге ауысады. Осылайша, олар қарсы­лас­қа ескерту жасап немесе жұптасу ке­зінде өз ниетін білдіреді. Екіншіден, түс өзгер­ту – дене температурасын реттеудің тәсілі. Қара түстер күн жылуын тез жинап бере­ді, ал ашық түстер керісінше, денені салқындатады.