Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Футболдағы феномен

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1976 жылдың 20 наурызында Англия чемпионатында өткен «Лестер Сити» мен «Астон Вилла» ойыны 2:2 есебімен аяқ­талды. Алаңдағы бар­лық төрт голды бір ойыншы соқ­ты.

Футболдағы феномен

«Астон Вилланың» қорғаушысы Крис Николл екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздесе, екі рет өз қақпасына гол соғып алды. Футболда автоголдың өзі сирек кездеседі. Николл бір матчта екі автогол мен екі голды қатар соғып, ерекше рекорд орнатты. Ойыншы әуелі өз қақпасына соғып, кейін есепті теңестірді, сосын қайтадан автогол соқты. Соңында бәрін өзі түзеп, қайтадан тең нәтижеге жеткізді. Сөйтіп, таблода 2:2 есебі тұрса да, матчтың нағыз кейіпкері жалғыз ойыншы болды. Бұл оқиға футболдың тосын әрі ғажайып сәттерінің бірі ретінде тарихта қалды.