Туризм • Кеше

Таиланд Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиландтың «Thai Air Asia X» лоукостері Қазақстан бағытына шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Таиланд Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

Фото: Ашық дереккөз

Әуе компаниясы Бангкок – Алматы арасында аптасына төрт мәрте тұрақты рейс орындайтын болады. Ұшулар дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Көлік министрлігі халықаралық бағыттарды кеңейту мен рейстер санын көбейту жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті. Жаңа әуе қатынасы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда, экономика, бизнес, инвестиция, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.