
Фото: Ашық дереккөз
«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, наурыз–тамыз айларындағы талдау қорытындысына сәйкес, осы кезеңде жылдамдықты асырудың 109 мыңнан астам фактісі анықталған.
Ең көп құқықбұзушылық тіркелген учаскелер:
- Шымкент–Қызылорда – 54 863 жағдай;
- Астана–Щучинск – 29 330 жағдай;
- Астана–Павлодар – 18 188 жағдай.
Ал ең аз бұзушылық келесі бағыттарда байқалған:
- Павлодар–Семей–Қалбатау – 3 882 жағдай;
- Шымкент–Тараз – 1 980 жағдай;
- Павлодар–РФ шекарасы (Омбы) – 526 жағдай;
- Орал–РФ шекарасы (Саратов) – 365 жағдай;
- Жібек Жолы–Теміртау – 164 жағдай.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Астана–Щучинск (шектеу – 140 км/сағ), Астана–Павлодар (140 км/сағ), Шымкент–Қызылорда (110 км/сағ), Шымкент–Тараз (110 км/сағ), Павлодар–Семей–Қалбатау (100–110 км/сағ), Орал–РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ), Павлодар–РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ) және Жібек Жолы–Теміртау (140 км/сағ) жолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүргізіліп отыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бұл жүйе жүргізушілерді белгіленген жылдамдықты сақтауға ынталандырып, апат санын азайтуға бағытталған.