* * *
БІЗ ТЕК ҚАНА ШЫНДЫҚТЫ АЙТАМЫЗ Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты жағдай жасалып келеді. Оларды ертеңгі күнге үміттендіріп, қоғамнан өз орындарын табуға мүмкіндік туғызуда арнайы мектептердің атқарар жұмысы айтарлықтай. Солардың бірі – елордадағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық, ол “Программа Б” деген оқу-әдістемелік құралымен 4 типтік бағытта жұмыс атқарады. Олар, біріншіден, тұрмыстық бағыт: өзін-өзі күту, киіну, тамақ ішу тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асады. Екіншіден, педагогикалық бағыт: бұл жерде ең бастысы – логиканы дамыту, сөйлеу техникасын және бастапқы білім беруді арнайы мұғалімдер үйретеді. Сабақ кестелері 3-4 сағаттан аспай, балалардың интеллектуалдық, грамматикалық жағынан жетілулеріне көмектеседі. Үшінші бағыт: тікелей медицинамен байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау және дер кезінде алғашқы көмек беру медицина қызметкерлерінің қарауымен атқарылады. Осыған арнайы кабинеттер жабдықталып, арт-терапия, ликатека, сенсорлық кабинеттер, Монтессори сатып алынған. Сондай-ақ, тәжірибе ретінде балаларды көпшілік алдына шығарып, басқа жүйке ауруымен ауырмайтын балалардан кем емес екендігін көрсету. Бұл үдерістер орталық саябақ және Астананың ойын-сауық мекемелеріне апарып, қыдырту арқылы жүзеге асырылады. Соңғы төртінші бағыт: қаржыландырумен жұмыс істеу. Бұл дегеніміз – демеушілік көмек және мемлекет бөлген ақшалардың дұрыс жұмсалуын бақылау. Әрине, қаржы жағына келгенде тек ақшамен емес, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары да аса маңызды. Жалпы алғанда, 3-тен 18 жасқа дейінгі аралықта мүмкіндігі шектеулі 180 бала бар. Оның 64-і күндізгі бөлімде болса, қалған көпшілігі стационарлық топта қаралады. Арнайы күтіммен бақыланатын 28 бала Даун синдромымен ауыратын болса, стационарлық бөлімдегі 32 бала жүре алмайды. Орталықта жұмыс істейтіндердің тең жартысын психологтар, дефектологтар, логопедтер, мұғалімдер мен тәрбиешілер құраса, қалғандары техникалық және санитарлық бағыттағылар болып табылады. Орталықтың директоры Серік Бөпежанов атқарылатын жұмыс қанша қиын болса да, балалардың бір күлкісі мың рет айтылған рахметпен тең, дейді. Өйткені, бұл балалар ешқашан ешкімге жамандық ойламайды және алдамайды да. Шыңғыс МЫРЗАХМЕТ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше