Білім • Бүгін, 08:35

Ұлттық жобаның игілігі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі қоғамның дамуы – ертеңгі ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей байланысты. ХХІ ғасырда білім саласы қарқынды өзгерісті бастан кешіріп отыр. Жаңа технологиялар, цифрландыру, жасанды интеллект – барлығы да мектептегі оқушының болашағына ықпал етеді.

Ұлттық жобаның игілігі

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Сондықтан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім беретін орын ғана емес, ол әр балаға өзін-өзі табуға мүмкіндік беретін жаңа кеңістік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құру үшін біз ең алдымен сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруымыз керек» деп айтқан еді. Бұл «Келе­шек мектептері» бағытын айқын­дайтын бағдаршам іспетті.

Аталған ұлттық жобаның мақсаты – еліміздің барлық аймағында кез келген балаға қолжетімді жаңа форматтағы білім беру ұйымдарын құру. Дәлірек айтқанда, ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заман талабына сай жағдайда сапалы білім алу мүмкіндігін қамта­масыз етуге бағытталған. Жоба­ның басты артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігі жасалып отыр. Бұл мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақ­тан­уы 4 есеге артық. Осының бәрі ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқушы­лар­дың білім сапасын көтереді.

спорт

 

Президент бастамасымен қол­ға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жезқазған қаласындағы Қабанбай батыр елді меке­­­нін­де екіқабатты 300 орындық білім ордасы бой көтерді. Қазіргі таңда білім беру нысаны оқушыларға қолайлы заманауи үлгі­дегі құрал-жаб­дық­­тармен жабдықталды. Жет­кін­шектердің жан-жақты шығар­ма­шылық дамуына толық жағ­дай жасалған. Жаңа заманауи білім ошағында қауіпсіздік жүйе­лері күшейтілген. Мәселен, бейнебақылау арқылы мектепке кіріп-шыққандар қадағалау жүйе­лерімен қамтылған. Сондай-ақ әр сынып кабинетінің іші кең, терезесі үлкен. Ерекше бала­ларға арналған жеделсаты жұмыс істейді. Оқушыларға спорт­пен айналысуға барлық жағдай бар. Қысқасы, бұл жоба әр баланың толыққанды дамуына мүмкіндік береді.

Бейнелеп айтқанда, білім – ұлттың іргетасы болса, ал «Келе­шек мек­­теп­­тері» сол ірге­тасты ны­ғай­татын басты тірек. Дәлірегінде, Келешек мектептері – болашаққа бас­тайтын алтын көпір. Бұл – ұлт­тың интеллектуалды әлеуетін көтеріп, елдің даму қарқынын жеделдететін басты күш. Әр балаға сапалы білім беріп, тең мүмкіндік жасаған елдің болашағы қашанда жарқын болмақ.

 

Медет СЕЙТБЕК,

Жезқазған қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директоры

 

Ұлытау облысы