Қылмыс • Кеше

Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіріп, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 287-бабының 3-бөлігі («Оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау») бойынша айыпталған азаматтың ісін қарады, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіріп, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды

— 27 маусым 2025 жылы Жетісай ауданы Алғабас ауылында сотталушы жанжал кезінде жәбірленушіні жіппен қылқындырған. Салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Қылмысын жасыру үшін ол мәйітті өз үйінің ауласында көмген. Сондай-ақ, сотталушы өз үйінде ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының 32-дана оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған, — делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушының кінәсі, қылмысты мойындаған жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыны бұрын аса ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай деп танып, ал ауырлататын мән-жайға қылмыстың қауіпті қайталануын ескерді.

11 тамыз 2025 жылы сот үкімімен сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 10 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.