Елордада экшн-фильмдердің І халықаралық фестивалі өтті. Ресейлік “Bazelevs” кинокомпаниясының негізін қалаушы әрі оған бүгінде жетекшілік ететін жерлесіміз, танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов пен америкалық продюсер Майк Симпсонның астанаға алғаш табан тіреген кезінде туындаған идеяны Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жүзеге асыруға көмектесті
Кинематография тарихында бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, жұлдыздар шеруіне астаналықтар айрықша дайындық жасағаны “Қазақстан” орталық концерт залының әсем безендірілуінен аңғарылады. Кіре берістегі масаты кілеммен беттеген қадамдарға жұрт назары тігулі. Әне, жалғыз бір өзі-ақ қасарысқан дұшпанын жайпап жіберердей, қабағынан қар ұшқындаған Голливудтың атышулы актерлерінің бірі де бірегейі Дольф Лундгреннің қарасы өзгелерден оқ бойы алға оза түскен. Оның өмірлік таңдауындағы асулар мұнан да асқақ көрінер еді. Адамның бойына үйіп-төгіп осыншама қабілет, қасиетті бере салады екен-ау. Швед топырағына жұрттың ерекше сүйіспеншілік сезімін оятуға себепші Лундгрен атағы жеті тіл білуімен, физик, химик, ғылым магистрі болуымен әлемге кең тараған. Кокусинкай каратэсі бойынша қара белдікті, Австралия, Еуропа чемпионы. Бұған қоса ол – режиссер, продюсер, сценарист сынды бірнеше кәсіпті жете меңгерген киноөнерінің жарық жұлдыздары арасынан жасындай жарқырап көрінген ерекше тұлға. Елордадағы халықаралық экшн-фильмдер фестиваліне Голливуд жұлдызы өзі түсірген әрі басты рөлде ойнайтын “Опасная гастроль” фильмін алып келді. Оқиғасында дүние жүзін дүр сілкіндірген терроризм зардабы баяндалады. Америка поп-жұлдызының Мәскеуде концерті өтіп жатады. Көрермендер арасында Ресейдің президенті отырады. Ар жағы, әрине, белгілі сарын. Адамзат баласына ортақ қасірет – терроризм бейбіт өмір сүріп жатқан жұрттың өміріне қаншалық қауіп төндіретінін режиссер көркем бейнелер арқылы қызықтыра өрбітеді. Мұнан басқа алдын ала келісілген бағдарлама барысында байқаудан тыс АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД-ға мүше елдердің жиырмадай толықметражды фильмі көрерменмен көзайым болмақ. Фестивальдік фильмдердің дені биыл түсірілген тың туындылар болғандықтан, әсіресе, америкалық фильмдердің алатын үлес салмағы басым сезілуде. Басты рөлдерде Джеки Чан, Николас Кейдж, Моника Белуччи, Брюс Уиллис, Сильвестр Сталлоне, Джет Ли, Дольф Лундгрен, Эрик Робертс ойнайтын Американың “Карате-кид”, “Ученик чародея”, “Парочка полицейских”, “Неудержимые” сияқты биыл түсірілген фильмдері алғаш рет қазақ экранынан көпшілікке жол тартпақ. Тимур жерлесіміздің Ресей киносына қызмет етіп жүрсе де әлемнің ең үздік туындыларын елордаға шоғырландырып, келешекте қазақ киносының даңқын әлемге паш етудегі осындай қадамдарына қалай риза болмассыз.
Мәртебелі қонақтардың арасынан тек белгілі режиссерлер мен актерлер, продюсерлер төбе көрсетіп қоймай, бокстан әлем чемпионы Майк Тайсон сынды спорт шеберлерінің де көзге оттай басылуы қала күні құрметіне әкімдіктің жұртшылыққа барынша қызықты шаралар ұйымдастырып жатқанынан хабар бергендей. Қазақстан туралы, оның бүгінгі гүлдей жайнап құлпыра түскен елордасы хақында сыр шертетін туындыларды әр жылы үзбей насихаттап отыруды басты міндет санайтын фестиваль осы жолдағы алғашқы қадамын жасап үлгерді. Бұрын тек сырттай атына қанық Голливуд актері Хилари Суонгті, белгілі продюсер Харви Вайнштейнді, трюктерді қоюшы Юэнь Ву Пинді құрметпен қарсы алған қауым көңілі аса көтеріңкі. Олардан басқа Ресей киносының атақты актерлері Дмитрий Певцов, Андрей Панин, Олеся Судзиловская жұрт ықыласын жүрекпен сезініп, аса толқулы. Фестиваль алғаш рет қолға алынып отырғандықтан, басқа байқаулар сияқты оған жан-жақтан сыншыларды шақыруды ұйымдастырушылар кейінге шегерген екен. Ол да бір жағынан дұрыс шығар. Өйткені, мерекелік көңіл күймен қауышқан қонақтарды аз уақытта сынап-мінеу, біреуді оздырып, ал біреудің делебесін қоздырып жатқан жараспас та. Астананың үлкен экрандарындағы экшн жанрындағы жаңа туындылар көрсетілімі Харви Вайнштейннің “Шанхай” фильмінен басталды. Фильмнің сценарийін ирандық жазса, түсірген – шведтің режиссері, продюсері – америкалық. Тарихи драма жанрындағы “Шанхай” фильмінің оқиғасы бойынша америкалық (Джон Кьюсак) Шанхайдағы әскери оқиғаларға куә болады. Бомбылау кезінде досы қаза табады. Осы өлімнің кімдердің қолымен жасалғанын табу үшін ол өздігінен астыртын іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Барлау қызметінің офицерімен (Кен Ватанабе), жергілікті гангстермен (Чоу Юн-Фат) және оның жары Аннамен (Гун Ли) жолығып, оған ғашықтық сырын ақтарады. Алайда біржола сезімнің жолында кетпей, өзін сергелдеңге салып қойған досының өлімі туралы ащы қасіретті ойынан шығармайды. Барлық оқиға осы Шанхайдың ішінде өрбиді.
Шанхайдың ХІХ ғасырдағы тылсымы кино өзегіне тұшымды тұстар қосады. Аспанасты елінің адамдарының өзі бұл қаланы өзіміздікі деуге аса құштарлық таныта қоймайды. Себебі, оның негізін әр жақтан келген шетелдіктер қалаған деген сөздің жаны бар. Бірақ та шаһар келбетіне мұнда бірде-бір адам шек келтірмейді. Ол – кинематографистер назарын өзіне үнемі аударумен келе жатқан қала. Кино тарихына үңілсек, Шанхай туралы бұған дейін қаншама үздік туындылар жарық көргеніне көзіміз жете түседі. Роберт Флоридің 1937 жылы түсірген “Шанхайдың қызы ” фильмінен бастап, По-Ши Лоенгтің 1941 жылғы “Қатыгез Шанхай”, режиссер Орсон Уэлстің 1947 жылғы “Шанхайдан шыққан ару”, По-Ши Леонгтің 1992 жылғы “Шанхай. Жиырмасыншы жылдар”, Джон Д. Лэмондтың “Шанхай Лили” сияқты тағы да басқа толып жатқан картиналарын түгел тізу мүмкін де емес. Осы атауға 1996 жылы Қазақстан тарапынан режиссер әрі сценарийст Александр Барановтың “Шанхай” фильмі келіп қосылғаны белгілі. Бірақ бұл ол Шанхай туралы емес, Алматының маңындағы ауылға қатысты еді.
Фестиваль қарсаңында журналистерге берген сұхбатында Тимур Бекмамбетов кино тарихында тұңғыш рет өтіп отырған шараның мақсат-мүддесін айқын айтып берді. “Қазақстанға мұндай фестиваль ауадай қажет деп ойлаймын”, – деді “Ночной дозор” блокбастерінің, “Особо опасен” фантастикалық шым-шытырық фильмі мен жақында көгілдір экраннан көпшілікке тараған “Ирония судьбы...” фильмінің жалғасының авторы баспасөз мәслихатында. Күннен күнге қарыштап дамып келе жатқан жаңа астанаға бүкіл әлемнің назары тігілуі керек. Әзірге, әрине, оны көп адамдар жете біле бермейді. Сондықтан әлемнің әйгілі актерлері мен өнер адамдары Астана туралы жеткілікті мағлұмат алуы үшін осындай ауқымды шараны қолға алуға тура келді. Оның сөзіне қарағанда, мұндай ой осыдан жарты жыл бұрын мазалаған екен. Енді, міне, қала әкімдігі қолдауымен сол жобаның жүзеге асқаны қала күні қарсаңында жұртшылыққа тарихи оқиғалар сыйлап отыр. Майк Тайсон, Дольф Лундгреннің алғашқылардың бірі болып елордаға ұшып келгені ел астанасының мерейін сол оқиғалармен-ақ едәуір өсіріп тастағаны анық. Әлемнің ең айтулы, азулы кинематографистері ат басын тіреп жатқан жерді кім-кімнің де жақыннан біле түскісі келетіні сөзсіз. Ендеше, кинофестиваль міндеті мінсіз атқарылып жатыр деуге негіз бар. Биыл алдағы уақытта қолға алынатын жаңа фильмдердің идеялары мен сценарийлері ортаға салынбақ. Келесі жылғы премьералар сараланбақ, жеті жоба сұрыпталмақ. Төрт күн қатарынан төрімізде – кино, төбемізде – әлемдік шыңды бағындырған жұлдыздар.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025