Ғылым • Бүгін, 16:18

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Болашақ" халықаралық стипендиясы және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

– Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді, – деп хабарлады “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Telegram-каналы.

Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.