Таным • Бүгін, 08:20

Тамаша талғампаздық

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазушы Эрнест Хемингуэй әдеби шығармашылықты айсбергке балайды. Яғни айсбергтің су бетіндегі бөлігі – су астындағы бөлігінің оннан бірі ғана.

Тамаша талғампаздық

Сол секілді қаламгердің белгілі бір көр­кем шығармада жазып көрсеткен жайлары көрсетпеген жайттарынан әлдеқайда көп болатыны белгілі. Мәселен, М.Әуезов 1957 жылы «Абай жолы» эпопеясын талқылаудың қорытындысында материалды іріктеп пайдалану жөнінде айта келіп, «Төрт том «Абай жолы» үшін жинап, жинақтап және сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды», деген екен. Осыдан-ақ эпопеяның қандай талғампаздықпен, қандай ықтияттылықпен жазылғанын аңғара беріңіз...