Президент • Бүгін, 10:13

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Фото: Ақорда

Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барғанын хабарлаған едік.