Аймақтар • Бүгін, 12:36

NCOC компаниясынан 3,6 млрд теңге айыппұл өндірілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының прокуратурасы NCOC компаниясының экология заңнамасын бұзып, шикі газды шамадан экологиялық рұқсатсыз жағу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

NCOC компаниясынан 3,6 млрд теңге айыппұл өндірілді

фото: azh.kz

«Прокуратураның актісімен жер қойнауын пайдаланушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 356-бабымен (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді.

Компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларының назарын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігіне аударамыз», деп хабарлады облыстық прокуратура.

Экологияны қорғау мәселесі Атырау облысы прокуратурасының ерекше бақылауына алынып отыр.