Төтенше жағдай • 26 Шілде, 2025

ТЖМ құтқарушылары жоғалған тікұшақтың бөлшектерін тапты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ құтқарушылары жоғалған тікұшақтың бөлшектерін тапты

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екендігі анықталды.

- ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеуде. Эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары сияқты арнайы жабдықтар пайдаланылуда.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше