
Мысалы, Бейжіңде өткен Beijing International Tourism Expo (BITE 2025) халықаралық туристік көрмесінде мегаполиске Халық Республикасынан 2025-2026 жылдар аралығында 36 мыңнан астам турист тартуды көздейтін 30 келісімге қол қойылды.
Қытай Алматы үшін туризм бағытындағы маңызды нарықтардың бірі. 2024 жылы шаһарға Қытайдан 99 167 турист келген. Бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының 14,4%-ы.
Мәселен, 2025 жылы 27-29 маусымы аралығында Алматы өзінің туристік әлеуетін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі іс-шараның бірі BITE 2025 көрмесінде таныстырғанын айта кету керек.
Аталған көрмеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысып, Алматының стендіне тамашалағандар қала мәдениетімен жақынырақ танысқан. Қазақ музыкалары шырқалып, дәстүрлі ас мәзірі ұсынылып, қолөнер бұйымдары мен тарихи үлгіде жасалған зергерлік әшекейлер қойылды.
Көрме аяқталғанда Алматы стенді мазмұны мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін арнайы Best Organizing Award жүлдесіне лайық деп танылды.
Осылайша, BITE 2025 көрмесі Алматыны дәстүрі бай, мәдениеті кемел де заманауи туристік инфрақұрылымы дамып келе жатқан ерекше бағыт ретінде халықаралық аренада таныта білді.