
Фото:
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңа тарифтік шаралар Қазақстан экономикасы үшін елеулі қауіп төндірмейді. Өйткені, Америка Құрама Штаттарына Қазақстан тарапынан жеткізілетін негізгі экспорттық өнімдер — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан секілді стратегиялық маңызы бар шикізат түрлері жаңа баж салығынан босатылған.
«Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтіледі. Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстан мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау», делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазір АҚШ тарапы Қазақстанның ұсыныстарын мұқият қарастыру үстінде. Келіссөздер өткізу мерзімі қосымша жарияланады. Қазақстан жағы бұл үдерістерге белсенді қатысуға және ұлттық мүдделерді қорғауға дайын екенін ресми түрде мәлімдеді.