
Сол кезде режиссер Сұлтан Қожықов пен композитор Нұрғиса Тілендиев ақылдаса келе, алдын ала таспаға жазылған «Аққу» күйін қосып кеп жібереді. Күйдің әуені естілген сәтте-ақ, екі аққу бір-біріне баяу жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғала билей жөнеледі. Осылайша, түсірілім тәртібіне бағынғысы келмеген ерке құс, күй құдіретіне елітіп, таспада тамаша кадр тудырыпты.