
«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел бойынша барлық деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.