Салық • Кеше

Семейде көлік салығына бақылау күшейді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысында көлік салығын төлемегендерге қатысты шаралар күшейіп жатыр. Бұл туралы Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.

Семейде көлік салығына бақылау күшейді

 

2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 сәуірде аяқталған. 1 сәуірден кейін өтелмеген салық сомасына әр кешіктірген күн үшін Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

– Қарыз өтелмеген жағдайда салық органдары 30 жұмыс күні ішінде хабарлама жолдайды. Егер осы мерзімде төлем жасалмаса және берешек 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады. Ол 5 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Орындау болмаған жағдайда іс жеке сот орындаушыларға жолданады, – дейді Ә. Тұрлыбекова.

Басқарма басшысының айтуынша, қатар жеке сот орындаушылар салық төлеушінің мүлкіне тыйым салуға және оны алып қоюға, банк шоттарын бұғаттауға, берешек мөлшері 40 АЕК-тен асқан жағдайда елден шығуға тыйым салуға, негізгі қарыздан бөлек, өз қызметі үшін 25%-ға дейін қосымша шығын өндіріп алуға құқылы.

Ал Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Еркебұлан Нүкебаевтың айтысына қарағанда, «Сергек-Қорғау» жүйесі арқылы 64,5 млн теңге төленген.

– Өңірде маусым айындағы көлік салығы бойынша 10 131 азаматтың жалпы берешегі 524 млн теңгеге жеткен, оның 407 млн теңгесі Семей қаласына тиесілі. 19 маусымға дейін салық органдары 376,1 млн теңгеге 11 154 салық бұйрығын жеке сот орындаушыларына жолдады. Бүгінде 1 884 атқарушылық іс қозғалып, 96,6 млн теңге өндірілді. Қарызды азайту мақсатында облыстық Әділет департаменті, Полиция департаменті және ЖСО палатасымен бірлескен Меморандум аясында «Сергек-Қорғау» жүйесі арқылы 769 рейд жүріп, 64,5 млн теңге өтелді, – дейді Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Еркебұлан Нүкебаев.

Абай облысы