
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкийден жеңіліп қалғанымен, жұбаныш белдесуінде Алжир мен Франциядан келген балуандардан басым түсті. Ал үшінші орын үшін болған кездесуде Кувейт өкілін жеңді.
Қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тунис спортшысын жеңгенімен, алжирлік балуанға есе жіберді. Алайда швейцариялық және неміс дзюдошыларын жеңіп, қола медаль үшін болған жекпе-жекте итальяндық спортшыдан басым түсті.
Дзюдодан CISM әлем чемпионатына 35 елден 200 спортшы қатысып жатыр, 30 маусымда аяқталады.