Аймақтар • Бүгін, 16:48

Қарағанды облысында 22 инвестициялық жоба іске асырылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында биыл үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Аймақтар ірі кәсіпорындардың маңында орналасып, шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға, сондай-ақ инвестициялар тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында 22 инвестициялық жоба іске асырылады

Фото: Ашық дереккөз

Аймақ әкімінің хабарлауынша, бұл аймақтар бизнесті дамытуға, жаңа өндірістерді ашуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға серпін береді.

Сонымен қатар моноқалаларды қолдау мақсатында жалпы құны 218 млрд теңге болатын 22 жоба жүзеге асырылады. Бұл бастамалар:

  • Жер телімдерін беруді;
  • Инженерлік инфрақұрылымды дамытуды;
  • 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды қамтиды.
«Теміртауда өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады, онда «Қармет Сервис» базасында ауданы 20 мың м2 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарлануда. Бұл бастама өндірістік қуатты кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған», деді Ермағанбет Бөлекпаев.