Кеше Астанада “Astana Mіnerals&Metallurgy-2010” бірінші қазақстандық халықаралық минералдық ресурстар және металлургия конгресі өз жұмысын бастады. Бұл жиын екі күнге жоспарланып отыр. Соның “Әлемдік металлургия саласы өсімі мен трансформациялануы” деген тақырыпта өткен бірінші күнгі басқосуына еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, форум қонақтарына арнап құттықтау сөз сөйледі.
Форум жұмысын жүргізген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев форум жұмысына қатысуға әлемнің 9 мемлекетінен, соның ішінде Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Украина және Өзбекстаннан 400-ден астам делегат келгендігін атап көрсетті. Осынау металлургия саласындағы ұлы дүбірлі басқосуды ұйымдастыру ісіне Астана қаласының әкімдігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Табиғатты қолданушылардың қазақстандық тұрақты даму ассоциациясы өз үлесін қосқан.
Бұл форум Қазақстан қара металлургиясының алыбы Теміртаудағы “Қазақстан магниткасы” атанып кеткен Қарағанды металлургия зауытының өз қызметін бастап, елімізде алғашқы шойын балқымасының алынуына 50 жыл толу торқалы тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл оқиға 1960 жылдың 3 шілдесі күні болған болатын. Нақ осы жылы еліміздің болашақ Тұңғыш Президенті, бүгінде атын әлем таныған мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев металлург ретіндегі алғашқы қызметін бастаған болатын. Осыдан 50 жыл бұрынғы Қазақстан экономикасында, соның ішінде металлургия саласында тарихи із қалдырған айтулы оқиға жас металлург Нұрсұлтан Назарбаевтың көз алдында өткен еді.
Басқосуда форум қонақтарына арнап құттықтау сөз сөйлеген Мемлекет басшысы үстіміздегі жылы алғашқы қазақстандық болат өнімінің алынғанына 65 жыл толатын болса, алғашқы шойынның алынғандығына дәл осы уақыттары 50 жыл толғандығын тағы бір еске салды. Бүгінгі конгресс жұмысы жаһандық күрделі экономикалық дағдарыстың сейілу сәтінде өтіп отыр. Әлемдік металлургия саласының, қаржы секторымен қатар, дағдарыс салдарын барынша сезінгені белгілі. Дағдарыс кезінде осы саладағы аса ірі компанияларға дағдарыспен күрес жөнінде барынша қатаң шараларды қабылдауларына, қолға алынған инвестициялық жобаларды тоқтата тұруларына, адамдар санын қысқартуына тура келді. Осы сала бойынша өнім көлемі көп қысқарды.
Қазақстан бұған жол берген жоқ. Елімізде жұмыс істейтін компаниялар серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісін одан әрі жалғастыра берді. Алдын ала жасалынған меморандумдарға сәйкес жұмыс орындарының қысқаруына жол берілмеді. Осы қиын сәттің өзінде саланың дағдарыстан кейінгі даму мәселелері барынша ескерілді. Павлодардағы электролиз зауытының екінші кезегі, “Алтын тау” алтын өндіретін фабрикасы іске қосылды. Өскеменде мыс өндірісін дамытуға ықпал ететін жаңа жобаны жүзеге асыру жұмысына дайындық жасалуда. Мұнда, сонымен қатар металлургиялық орталық өз жұмысын бастайтын болады. Павлодар мен Ақтауда құбыр шығаратын жаңа зауыттар пайда болды. Ақтөбеде темірді қалпына келтіру жөніндегі зауыт тұрғызылуда. Басқа да осы тектес жұмыстар жүзеге асырылып, еліміздің тау-кен металлургия саласының дамуына жақсы негіз қаланып отыр.
Осы ретте Елбасы табиғат байлықтарының, минералдық ресурстардың шет-шегі білініп отырған қазіргі шақта металды қайта өңдеу саласының барынша маңызға ие бола бастағандығын атап көрсете кетті. Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында тұрған бірінші кезектегі міндет шикізаттық экономикадан өнімді өңдеу ісімен айналысатын өнеркәсіптік өндіріске қарай көшу болып табылады. Мұнан әрі өнімді жоғары деңгейде қайта бөлу үдерісін жүзеге асыруға қарай ауысу қажет.
Еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды жүзеге асыру металлургия өнімдеріне деген ішкі сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай елімізде әзірленген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында тау-кен металлургия кешенінің алдына өнімді өндіру көлемін 2008 жылғы деңгейден 2 есеге арттыру міндеті жүктелген.
Бағдарлама аясында болат өндіру көлемін жылына 10 млн. тоннаға дейін, феррохромды 440 мың тоннаға дейін, алюминийді 250 мың тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ірі жобаларды жүзеге асыру көзделінеді. Сонымен қатар, өнімді өңдеу ісін барынша жоғары деңгейге дейін жеткізу, соның ішінде сирек металдар саласындағы бірқатар орта кәсіпорындарды іске қосу жоспарланып отыр.
– Алдымызға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бізде барлық қажетті ресурстар бар. Тек оларды сапалы да тиімді пайдалану ісі үнемі назарда болуы керек, – деп атап көрсетті Елбасы.
Мемлекет басшысы қонақтарды халықаралық деңгейдегі маңызды форумның өз жұмысын бастауымен құттықтай келе, мұндай жиынды дәстүрлі сипатқа енгізу қажеттігін де айтты.
Конгрестің ашылу рәсімінде сөз алған Ресей Федерациясы Қаржы-өнеркәсіптік топтары ассоциациясының президенті Олег Сосковец Қазақстанның тау-кен металлургия саласы қазіргі күні буырқанды даму қарсаңында тұрғандығын атап көрсете келе бүгінгі өткізіліп жатқан шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғашқы қазақстандық “Алтын Гефест” сыйлығының “Жыл адамы” номинациясы тапсырылатындығын салтанатты жағдайда хабарлады. Форум қонақтары осы оқиғаға байланысты орындарынан тік тұрып, Елбасына үлкен құрмет көрсетіп, ду қол шапалақтады.
Мұнан кейін форум жұмысы одан әрі жалғасты. Басқосуда “Әлемдік металлургия құрамындағы дамушы рыноктардың рөлі” тақырыбында сөз алған Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Еуропалық Комиссияның өкілетті елшісі Норбер Жюстен әлемдік металлургия саласының даму ағымдары туралы сөз қозғай келе, осы сала бойынша Қазақстанның рөлі жылдан жылға арта түскендігіне тоқталды. Еліміздің “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы қазіргі күні әлемдегі табиғи уран өндірісі бойынша бірінші орынға шығып отыр екен. Халықаралық рыноктағы жағдайдың тұрақталып, сұраныстың қамтамасыз етілуіне еліміздің “Қазақмыс”, ENRC секілді компаниялары да өзіндік үлес қосуда. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы осы мәселелерге кеңінен тоқтала келе қазіргі күні Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық байланыстардың арта түскендігін, оған қатысушы мемлекеттерді қажетті минералдық ресурстармен, одан алынатын өнімдермен қамтуда Қазақстанның үлкен әріптес екендігін атап көрсетті. Қыркүйек айында Астанада көмірсутектерін өндіру жөнінде үлкен семинар өтетіндігін, бұл сала бойынша халықаралық мәндегі маңызды оқиға болып табылатындығын еске сала кетті.
PrіcewaterhouseCoopers-тің Орталық Азия және Кавказ бойынша басқарушы әріптесі Альпер Акдениз тау-кен металлургия саласының 2010-2011 жылдар бойынша жаһандық трендтеріне талдау жасай келе, қазақстандық кен металлургия саласының даму қарқыны қуандыратындығын айтты.
Осы басқосу аясында тау-кен металлургия саласындағы әлемге танымал компаниялардың өкілдері сөз алып, өз елдеріндегі рыноктың даму барысы туралы әңгіме қозғады. Олардың айтысына қарағанда қазіргі күні сала бойынша рынок сұраныстан гөрі ұсынысқа көбірек бейімделе түскендей. Осыған орай өнім сапасына деген талаптың арта түсетіндігі айқын.
Түстен кейін халықаралық конгресс отырысы “Металлургия секторының инновациялық дамуы” сессиясы бойынша жалғасты. Осы сессияда сөз сөйлеген Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Рау қазіргі уақытта экономиканың одан әрі дамуында тау-кен металлургия саласы үлкен рөл ойнайтындығын айтты. Ұзақ уақыттардан бері бұл сала мемлекеттер мен аумақтардың экономикалық жағдайын анықтаушы факторлардың бірі болып келеді. Экономиканың жалпы трансформациялануы жаһанданумен, қор нарығының дамуымен технологиялық алға басу және бизнестің ұйымдастырылуымен қатар дүниежүзілік металлургияның даму деңгейіне де байланысты болып отыр. Осыған орай 2010 жылдардан бастап әлем бойынша алғанда даму үстіндегі нарықтардың рөлінің күшейе түскендігі, 2020 жылдары, қазіргі болжам бойынша, металдарды шығарудың және металлургияның даму үрдісі осы дамушы нарықтарға қарай өтетіндігі белгілі болып отыр. Мұның өзі Қазақстандағы тау-кен металлургия саласының әлем бойынша ықпалының арта беретіндігін білдіреді.
Аталған форум аясында тау-кен металлургия саласының көрмесі жұмыс істеп, оған әлемнің бірқатар елдерінің компаниялары қатысып, өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалады. Конгрестің бірінші жұмыс күні “Алтын Гефест” салалық сыйлығының басқа лауреаттарын анықтап, оларды құттықтаумен аяқталды.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.
----------------------------------
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025