
Фото: Polisia.kz
«Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізу кезінде басқару құқығынсыз жүру бойынша 135 жағдайға тосқауыл қойылған. Басқару құқығынан айырылса да көлікті тізгіндеген 72 жүргізуші жауапқа тартылған. Іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылары 8 мыңнан астам түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оның ішінде 155 масаң жүргізушіні анықтаған.
Іс-шара 19 сәуірден басталып, 350-ден астам полиция қызметкері басқа ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, қала сыртындағы трассаларда және елді мекендер көшелерінде тексеріс жүргізіп жатыр.