Тағзым • Кеше

Ақынды еске алды

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында ақын Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған «Арманның ақ желкені» атты шығар­машылық кеш өтті. Алқалы жиынға ақын-жазушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ардагерлер мен студенттер қатысты.

Ақынды еске алды

Шығармашылық кешті Қырғыз Республикасы Ұлттық жазушылар одағының мүшесі Жамалкүл Сабаева жүргізіп отырды. Ал­дымен Ресей мемлекеттік кітап­ханасының әлеуметтік-мәдени бағдарламаларының үйлестірушісі, өнертанушы Мар­гарита Мкртычева сөз алды.

«Ресей мемлекеттік кітап­ханасы – еліміздегі басты әрі Еуропадағы таңдаулы ірі кітап­ханалардың бірі. Осы­нау оқырманы көп үлкен кітапха­нада қазақ ақыны Марфуға Бек­темі­рованы еске алуға арналған шығармашылық кештің өтуі – елеулі оқиға. Бұл өмірден ерте кеткен ақын есімін құрметтеп, оның шығармаларын туған жерінен тысқары жерлерге де кеңінен насихаттау болып саналады. Осы игі істің жүзеге асуына барынша жанашырлық танытып, ұйытқы болдық», деді ол.

Ал Ресейдегі Қазақстан елші­лігінің кеңесшісі Еркебұлан Бектұрғанов ақынның шығар­машылығына тоқталды.

«Марфуға Бектемірованың сыршыл өлеңдерін жас кезімізден оқыдық. Тек өкініштісі, ақынның арамызда жоқтығы. Ақынды еске алу кеші Мәскеу қаласының төрінде өткеніне қуаныштымыз. Бұл – еліміз үшін мерей, мақ­таныш. Сондай-ақ екі ел арасын­дағы достық қарым-қатынасты нығайтып, мәдени байланыстарды жандандырады», деді ол.

Мәскеу кәсіби әдебиетшілер одағының, Ресей Жазушылар одағы Мәскеу облыстық ұйы­мының мүшесі Айнұр Бек­болотова «Марфуға Бекте­мірова шығармаларының ар­қауы», «Кайрыктар казынасы – Мос­ковские напевы» әдеби бірлес­тігінің мүшесі Замира Зай­лидинова «Марфуға Бек­темі­рованың аудармашылық қыз­меті» деген тақырыптарда баяндама жасады. «Орыс-вьет­нам достығы» қоғамының төра­ға­сы Фам Дык Хаи Марфуға Бек­темірова өлеңдерін тыңдай отырып, жылы әсер алғанын айтты.

Ресей Жазушылар одағы Мәскеу облыстық ұйымы бас­қармасының мүшесі, жазушы Ирина Овча­ренко, «Я деловая женщина» журналының бас редакторы Гүл­жан Давлетбекова, «Аруу дүйнө» әдеби бірлестігінің жетекшісі Ай­жан Мамасадықова ақын өлең­дерін орыс, қазақ, қырғыз тіл­дерінде оқыды.

Азия мен Африка елдері Ассамблеясы әдеби кеңесінің төрағасы, «ЛИффт» қорының президенті, әдебиет сыншысы Маргарита Аль бүгінгі таңда арамызда жоқ болса да Марфуғаның шығармашылығы өзіне жақын көрінетінін тілге тиек етіп, оның нәзік сезімге толы жырларын өзге тілге аударуға шақырды.

Ресей жұртшылығына Мар­фуға Бектемірованың есімі жақ­сы таныс. «Единая Россия» партиясы мен Ресей Феде­рациясы Мемлекеттік Дума­сының қол­дауымен ақынның «Белый парус мечты» кітабы жалпы таралымы 10 мың данамен шықты. Бір топ өлеңдері «Молодая гвардия» журналында жарық көрді.

«Марфуға Бектемірова­ның Мәскеуде шыққан «Белый парус мечты» деген кітабы ұнады. Қазақшасы «Арманның ақ жел­кені» болады ғой. Аз ғана ғұ­мыр кешкен талантты ақынның арманы орындалса екен, Ресей жұртының алдында беделі­міз көте­рілсін деп іс-шараны ұйым­­дастырудың жауапты бір бөлі­гін өз мойныма алдым. Бұл, бір жағынан, Қазақ елінің абы­­­ройы ғой. Өзім Орынбор же­рін­де тусам да, атажұртқа қа­рай­­лап, ба­уырларыма тілек­тес болып жүремін», деді «Санкт-Петер­бургтегі Орынбор қазақтары­ның жер­лестігі» қоғамдық бір­лес­тігі­нің президенті Айгүл Иришева.

Әдеби кешті «Кайрыктар казынасы – Мос­ковские напевы» қоғамдық бірлес­тігі, «Санкт-Петербургтегі қазақтардың Орын­бор қазақтарының жер­лес­тігі», «Горячее озеро» әлеу­мет­тік-мәдени жобаларды дамы­ту және дәстүрлі отбасылық құн­дылықтарды сақтау жөнін­дегі бірлестігі, «Бирге» медиаресурсы Еуразия мен Африка халықтары Ассамблеясының және Қазақстандағы Халық дип­ло­матиялық Халықаралық Достастығының қолдауымен ұйым­дастырды. Сондай-ақ кешті өткізуге еліміздің Сыртқы істер минис­трлігі, Қазақстанның Ресей­дегі елшілігі қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03