Қоғам • 04 Маусым, 2025

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері  қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада  ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: gov.kz

Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында өтеді. Сауда-саттық сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі.

Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына келесі тауарлар ұсынылады:

Жаңа жиналған көкөністер мен жеміс-жидек;
Ет және сүт өнімдері;
Ұн және нан-тоқаш өнімдері;
Табиғи шырындар, тосаптар, джемдер;
Тағы да басқа өңірлік өнімдер.
Жәрмеңкеге жергілікті фермерлермен қатар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілер қатысады. Бұл тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Келушілерге ыңғайлы болуы үшін іс-шара өтетін орынға №2, 32, 49, 50 және 73 бағытындағы автобустар қатынайды.

Сондай-ақ, Астанада тұрақты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де жұмыс істейді. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде) орналасқан және күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45