Технология • Кеше

Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді

1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыру технологиясының қалай жұмыс істейтінін және оның қандай мақсатта қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді

Бұл технологияны Түркістан облысында пайдалану туралы алғаш рет 15 маусымда хабарланған болатын. Жобаға дайындық барысында 2020-2024 жылдар аралығындағы 39 метеостанцияның деректері жан-жақты зерттелді. Атмосфералық процестер мен өңірдің жер бедеріне жүргізілген талдау нәтижесінде Түркістан облысы пилоттық аумақ ретінде таңдалған.

Мамандардың айтуынша, технология тек табиғи жолмен қалыптасқан тік бағытта дамитын жаңбырлы будақ бұлттар болған жағдайда ғана қолданылады. Оның әсері белгілі бір аумақпен және қысқа мерзіммен шектеледі. Сондықтан бұл әдіс климаттық өзгерістерге ықпал етпейді әрі ауа массаларының қозғалысын өзгертпейді.

Жаңбыр, найзағай, аптап ыстық: 10 маусым күнгі ауа райы болжамы

Жоба аясында «Қазгидромет» ғылыми-метеорологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, мамандар тәулік бойы атмосфераны бақылап, спутниктік суреттер мен синоптикалық мәліметтерді талдайды, бұлт жүйелерінің қозғалысын қадағалайды және түскен жауын-шашын көлемін бағалайды.

Жиналған деректер технологияның тиімділігін ғылыми тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ оның өңірдегі су қорын толықтыру мен ауыл шаруашылығы алқаптарын қолдаудағы мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Атырауда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты

Пилоттық жоба Түркістан облысының әкімдігі, Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорологиялық орталығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазгидромет» және «Қазаэронавигация» мекемелерінің бірлескен қатысуымен іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар