Қоғам • 04 Маусым, 2025

Алматыдағы мейрамханада ер адам баланы ұрып-соққан

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде ересек адамның баланы соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты жаңа мәліметтер пайда болды. Зәбір көрген баланың анасының адвокаты Жанна Уразбахованың айтуынша, бала ауыр психологиялық соққы алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы мейрамханада ер адам баланы ұрып-соққан

Фото: ашық дереккөз

Оқиға мейрамхананың ойын бөлмесінде болған. Бала досымен бірге құрғақ бассейнде ойнап жүрген. Олар бір-біріне жұмсақ шарлар лақтырған сәтте, сол маңда отырған басқа баланың әкесі кенеттен тұрып, ешқандай ескерту жасамастан, баланы бірнеше рет ұрған.

«Бала  психологиялық жарақат алды. Қазір ол барлық ересек, толық денелі адамдардан қорқады. Көшеде біреу жанынан өте қалса – «ол сол адам, ол қайта келді» деп үрейленеді», дейді адвокат. Оның айтуынша, оқиға бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Кадрлардан ер адамның баланың арқа тұсына, кеуде тұсына және бөксесіне қатты соққы жасағаны анық көрінеді. Кейін бала ата-анасымен бірге №1 балалар ауруханасына жеткізіліп, кеуде аймағындағы көгерген жерлері тіркелген.

Анасы дереу полицияға хабар бергенімен, құқық қорғау органдары тиісті әрекет жасамаған.

«Бізде дәлел ретінде бірнеше телефоннан «102»-ге 11 рет қоңырау шалғанымыз тіркелген. Алайда сол күні ешкім келмеді. Анасы өз бетімен ауруханаға барып, түнде арыз жазуға мәжбүр болды», дейді Жанна Уразбахова.

Бастапқыда бұл іс тоқтатылған. Алайда Медеу ауданының прокуратурасы тергеудің тоқтатылуын заңсыз деп танып, істі қайта қозғаған. Қазір тергеумен жаңа анықтаушы айналысып жатыр.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, соққы жасаған ер адам Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі болуы мүмкін. Бұл дерек ресми түрде әлі нақтыланбағанымен, қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Барлық объективті мән-жайлар анықталғаннан кейін, заң аясында шешім қабылданады. Учаскелік инспектор оқиға орнына «102»-ге сигнал түскеннен кейін 6 минут ішінде жеткен»,  деп хабарлады ведомство.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45