Экономика • 31 Мамыр, 2025

Астана Орталық Азия-Қытай экономика және сауда министрлері бас қосты

120 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

30 мамырда Астана қаласында Astana International Forum 2025 (AIF 2025) аясында «Орталық Азия – Қытай» форматы бойынша экономика және сауда министрлерінің 2-ші кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Астана Орталық Азия-Қытай экономика және сауда министрлері бас қосты

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы экономика және сауда министрлерінің 2-ші кездесуінің отырысын ашты. Орталық Азияның өзге елдерінің делегацияларын Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдыков, Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда бірінші вице-министрі Ашурбой Солехзода, Түрікменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрінің міндетін атқарушы Керимберди Курбанов, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда вице-министрі Хуррам Тешабаев басқарды. Қытай Халық Республикасының делегациясын Сауда вице-министрі, халықаралық сауда келіссөздеріндегі Қытай өкілінің орынбасары Лин Цзи басқарды.

Бұл кездесу «Орталық Азия – Қытай» форматының салалық буыны болып табылады және биылғы жылдың маусым айында Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші Саммитіне дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр. Кездесу алты елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту және экономикалық дамуына жәрдемдесумақсатында тұрақты негізде өткізіледі.

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Экономика және сауда министрлерінің кездесуінде тараптар өз үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «жасыл» минералдар бойынша өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі басымдықтары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ көпжақты сауда жүйесін қолдау мәселесі бойынша өз ұстанымдарын білдірді.

Тараптар сондай-ақ алдағы «Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында қол қою жоспарланған келесі құжаттарды мақұлдады:

  • «Орталық Азия – Қытай» форматында еркін сауданы дамыту саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы өзара түсіністікжөніндегі меморандум;
  • «Орталық Азия – Қытай» форматындағы экономика және саудаминистрліктері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтынығайту жөніндегі іс-қимыл жоспары;
  • «Жасыл» минералдар саласындағы инвестициялықынтымақтастықты нығайту жөніндегі «Орталық Азия – Қытай» форматындағы меморандум.

Сонымен қатар, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы экономика және сауда министрлерінің екінші кездесуінің Қорытынды құжаты қабылданды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұл кездесудің нәтижелі өткенін атап өтіп, кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел іскеасыруға шақырды.

2024 жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 7,6 млрд АҚШ долларын құрады.

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30,1 млрд АҚШ долларын құрады.