
фото: ашық дереккөз
Жобаға «Мемсараптама» РМК оң қорытынды беріп, құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық кезеңінен өткен. Кешен бұрын ашық спорт алаңы ретінде пайдаланылған 2,1 гектар аумағы Сұлтан Бейбарыс пен Әбдуали Спанов көшелерінің қиылысында, Сырдарияның оң жағалауында, қаланың шығыс бөлігінде орналасқан.
Кешен құрамында 2074 адамға арналған әмбебап спорт залы, 462 орынды трибуналы бассейн, спорттық және медициналық бөлмелер, қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар, 150 адамдық конференц-зал ашу жоспарланып отыр, бұл халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Құрылысты жобалау барысында санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптары мен көлік және адам ағынын ұйымдастыру нормалары толық ескерілген.
Дамира ТӨЛЕГЕН
ЕҰУ студенті