Қоғам • Бүгін, 15:23

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Семей қаласында ТЖМ қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: Видеодан скрин

Қаладағы Жамақаев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан өрт шықты. Пәтердің балконындағы жиһаз және тұрмыстық техника өртеніп, жалын оныншы қабаттың балконына тараған.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жетті. Өрт шарпыған аумақ – 37 шаршы метр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалынның 10-қабаттағы пәтерге таралуына жол берілмеді.
 
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
 
Соңғы жаңалықтар