
Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл өңірде жергілікті маңызы бар мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ, 103 елді мекенде 382 көше жөндеуден өтеді.
«Биыл жергілікті маңызға ие автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеу жұмыстарына 58,8 млрд қаржы қарастырылып отыр. Облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарына 36,6 млрд теңге, көшелерді жөндеуге 18,5 млрд теңге бөлу жоспарлап отырмыз», дейді басқарма басшысы Алмас Есенжолов.
Мұның сыртында, өңірде облыстық маңызы бар Рудный – Қашар – Федоров Ұзынкөл – Сарыкөл бағытындағы автокөлік жолдарының тозығы жеткен учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
«Бұл жолдар көп жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозып апатты жағдайға түскен. Қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, бұл жол учаскелері көлік қозғалысы үшін қолайлы болады және облыс ішіндегі логистиканы жақсартады», дейді А.Есенжолов.
Қостанай облысы