Қоғам • Кеше

Жұмыс орнында қысымға ұшыраған мұғалім әділдік іздейді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы «Ә.Марғұлан атындағы 71ЖББОМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжан Әділова өзі еңбек ететін білім ордасында заңсыз әрекеттер орын алып жатқанын айтып шағымданды. Мұғалім бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыс орнында қысымға ұшыраған мұғалім әділдік іздейді

Фото: Ашық дереккөз

Жас мұғалім соңғы бірнеше жылда басшылық тарапынан қысымға ұшырап келе жатқанын ашып айтты.

«Жұмыс орнында басшы тарапынан психологиялық қысым мен әділетсіздікке тап болып келемін. Осы жағдайға байланысты денсаулығыма зиян келіп, ем қабылдауға мәжбүр болдым. Мен түрлі білім саласына қарасты мекемелерге, құзырлы органдарға бірнеше рет жүгіндім. Сотқа дейін барып, өз құқығымды қорғап, жеңіп шықтым. Ұстаздардан ақша жинау, жұмыс орнында психологиялық тұрақсыз орта қалыптастыру, өзіне жүктелген сабақтарды бермеу және үкіметтен айлық есебінде ақша алып отырғаны, оны кері қайтармауы т.б осы секілді мәселелер де тексеріс барысында расталды. Алайда тексерістен кейін де маған жасалатын қысымдар тоқтамады», дейді Айжан Әділова.

Айжан Әділова

Оның айтуынша, оның іс-әрекеті Әдеп кеңесінде қаралған.

«Өзімді қорғау мақсатында жасалған ескерту сипатындағы жазбаларым «әдепсіздік» ретінде бағаланып, соның негізінде «сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды», дейді ол.

Мұғалім әр жазбасында әділдікті талап ететінін және өзінің беделін қайта қалпына келтіргісі келетінін жазады.

«Мен жалғыз емеспін. Өзге де мұғалімдерге қысым жасалды, жасалып та келеді.
Мен өз ар-намысымды, педагог ретіндегі беделімді және заңды құқығымды қорғауды жалғастырамын. Тоқтамаймын. Ұстазға құрмет - қоғамға құрмет», деп жазды мұғалім.

Әділдік бар жерде жемқорлыққа орын жоқ

Коментарий

Аталған жайтқа байланысты Ақтөбе қалалық білім бөлімі мұғалімнің әлеуметтік желідегі жазбаларына жауап берді.

«Аталған мәселе Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бақылауында. Қазіргі таңда мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша тиісті ақпарат қосымша хабарланатын болады», делінген жазбада.

Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидасының мәнін және адвокаттық институттың қоғамдағы орнын туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар