Оқиға • 27 Мамыр, 2025

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға күзетілмейтін теміржол өткелінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Фото: Ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жеңіл көлік жолға кенеттен шыққан. Машинист шұғыл тежеу жүйесін іске қосқанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат Достық станциясындағы желілік полиция бөліміне берілген. Апат салдарынан пойыздардың жүру кестесіне өзгерістер енгізілген.

Айта кетейік, ұлттық, компанияның дерегінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында теміржол өткелдерінде тіркелген жол-көлік оқиғалары 20%-ға артқан.