Руханият • 26 Мамыр, 2025

Жазушының төрт кезеңі

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші кезеңде жазушы әлі дараланбаған, тіпті ол кез келген адам іспетті; оның үні жеке тұлғалықтан гөрі жалпыадамзаттық, бәріне ортақ үн болатыны анық, деп жазады  Egemen.kz.

Жазушының төрт кезеңі

Фото: Ашық дереккөз

Екінші кезеңде жазушы өзіне ұстаз таңдайды; ол ұстазын әдебиетпен шатастырып, оған ұқсауға тырысады, өйткені одан ауытқу – ол үшін шынайылық пен ақылдан ауытқу болып көрінеді.

Үшінші кезеңге екінің бірі жете бермейді – бұл сәтте жазушы өзін-өзі табады. Бұл шығыс, кельт немесе герман аңыздарындағыдай өзін кездестірумен тең. Ол өз бейнесін, өз үнін табады.

Енді төртінші кезең туралы айтсақ болар еді, бірақ мен оған әлі жеткен жоқпын, бәлкім оған жеткендер өте аз шығар.

Тағы қайталап айтамын: бірінші кезеңде жазушы – көптің бірі; екінші кезеңде – мүлде басқа адам; үшінші кезеңде – өзі; ал төртінші кезеңде – ол қайтадан көптің адамына айналады, бірақ бұл жолы кемеліне келген бейнеде.

Сондықтан да Шекспирдің жақсы өлең жолдары анық Шекспирдікі, ал ең керемет жыр жолдары – енді оған тиесілі емес. Олар кез келген халықтың, кез келген адамның жазғанындай сезіледі. 

Ағылшын тілінен аударған

Дүйсенәлі Әлімақын