Игі іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, мәдениет қайраткер Бақтияр Спанов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, дәстүр және отбасы бағытының жетекшісі Ахметжан Керімбек, Дәуренбек Тасқараев және қалалық Әжелер мектебінің мүшелері қатысты.
«Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты – ҚМДБ-ның Дәстүр және отбасы бағыты деп аталатын бастамасының негізінде, дін мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып құндылықтарын насихаттау және осы бағытта тәлім-тәрбие беру, арнайы кітаптар әзірлеу болып табылады. Орталық арнайы киіз үй жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда сәбиге ат қою, тұсау кесер, шаңырақ көтерген жастардың неке қию рәсімі өтеді. Одан бөлек түсірілім алаңы ретінде де пайдалануға болады», деді дінтанушы Мұхамеджан Естеміров.
Осы орайда, шаһардың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жаңадан ашылған салт дәстүр орталығының жұмысына оң бағасын беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.