Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды.

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Ол «Түркістан сақ­шы­­лары» туынды­сын дайын­­дау барысы­н­да   «ChatGPT», «RunwayML», «Kling Ai», «Hydra AI», «Eleven­Labs» сынды ЖИ бағдар­ла­мала­рының көмегіне жүгін­ген. Мульт­фильмнің басты кейіпкер­лері ретінде Ақпан­тер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақыл­гөй тасбақа бейнелері таңдал­ған. То­лық­қанды 3D форматтағы мульт­фильм сюжеті еліміздің ру­ха­ни ордасын қасаң ой, теріс әре­кет­терден қорғау төңірегінде өрбиді.

IT маманның анимацияда­ғы бұл айтулы жаңалығы –  сала көкжиегін кеңейтудің тың тәсілі. Жалпы, мультфильм «инемен құдық қазғандай» еңбекпен жасалатыны баршаға аян. Ал жасанды интеллект анимациядағы ауыр­ды жеңілдетіп, миллионда­ған қаржыны қалтада қалдыруға оң үлес қоса алады. ЖИ-дің жетілдірілген нұсқасын кәдеге жаратқан Ғасыр Құралбайұлы бастаманы жүзеге асыруға түрт­кі болған ой мен жасанды зерде­нің қазақ тілін қаншалықты меңгер­генін тарқата айтты.

«ChatGPT»-дің кейінгі жаңар­туынан соң қалың ой құшағында қалдым. Бұрын ғалымдардың бола­шақта  кинотеатрларда ЖИ арқылы жасаған мультфильм, киноларды ғана көреміз дегеніне таңыр­қай қарайтынмын. Осы идея­ны басшылықтың қаперіне салып, елімізде қазақ тілінде бі­рінші болып ЖИ арқылы мульт­фильм жасап шығаруды ұсындым. Оған «Turkistan» телеарнасының басшылығы қолдау білдіріп, ақылы ЖИ жазылымдарына  қаржы бөлді. Осыдан кейін іске кірісіп, «Түркістан сақшыларын» жарыққа шығардық», деп атап өткен ол мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде барыс, қыран тектен-тек таңдалмағанын айтты.

«Барыс пен қыран еліміздің «Қызыл кітабына» енген. Сон­дықтан ерекше қастерлейміз. Бір жағынан, туымызда  бейнеленген қыранды насихаттауды да көздедік. Алдағы уақытта шығарғалы отырған 10 серия Түркістан өңірінің өмірімен тығыз байланысты кейіпкерлермен толығады. Меніңше, болашақта миллиондаған ақшаға 6–7 айлап мультфильм жасайтын дәуір бас­тан көшеді. ЖИ арқылы кез келген уақытта әр кейіпкерді өзгерте аламыз», деді мультфильм авторы.

Ғасыр бұл мультфильмді жа­сауға бас-аяғы 10 күнін арнаған. Анимацияның саундтрегін ақын Құрал Көмек жазса, кейіпкерлерді Түркістан театрының актерлері дыбыстаған. Автордың айтуынша, ЖИ арқылы мультфильм жасау отандық контентке де серпіліс береді. Ол үшін жасанды зердеде қазақтың төл әріптерін жиі қолданып, оны меңгеруіне жұмыла кіріскен жөн.

«Мультфильмді жасау барысында төл әріптерімізді бейнелеуде  ЖИ әлі бірден түсіне қой­майтынын аңғардық. Промтты түрлендіріп немесе арнайы дизайнмен бұл кедергілерді еңсеруге тырыстық. Кейде ЖИ өзің қалаған әрекет немесе мимиканы дөп бере алмай жатты. Сонда да болашақта промттар өңделіп, қайта оқылып, сапалы  бейнелер шығатынына сенемін. Сондай-ақ жобаны «Youtube» платформаға апта сайын шығарып, тұрақты монетизацияға қосылу авторға –  пайда, оқырманға сапалы контент болмақ», деп атап өтті ол. 

«Түркістан сақшылары» туын­дысынан кейін оқушылар ара­сында ЖИ арқылы мульт­фильм жасауға қызығушылық артқанын желіде жазылған пі­кірлерден байқадық. Ғасыр осы бағытта жұмыс істегісі келе­­тіндерге идея тұрғысы­нан те­реңірек ізденіп, әлемдік, отан­дық үздік мультфильмдерді көбі­рек көруге кеңес берді. Ал елі­міздегі  ЖИ арқылы жа­салған тұң­ғыш мультфильмнің авторы мұнымен тоқтап қалмай, бала­лардың бойын­да өр рухты оятып, қазақы тәлім-тәрбиені сіңіре­­тін бірқатар сапалы мульт­фильм шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде мульт­фильм­нің 2-сериясы 4 минуттан 12 минутқа көбейіп,«Түркістан­ға төнген қаражелең» атауымен көрерменге жол тартып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25