Мәдениет • 15 Мамыр, 2025

Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, түркі жұртының да сүйікті жазушысына айналған рухани тұлға, көркем сөздің хас шебері, көсемсөзде көшбастаған Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл. Жазушының мерейтойы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі мазмұнды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін осындай шаралар легі «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті

Фото: «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасы

Халықаралық симпозиумның ашылуына орай Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев, Сенат төрағасы М.С.Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Е.Ж.Қошанов, салалық министрлік басшылары мен Қызылорда, Жамбыл облысы әкімдері құттықтау хатын жолдап, шараға табыс тіледі. 

 пп

Аты айтып тұрғандай халықаралық шараға түркі әлемі елдерінен Өзбекстаннан жазушы, педагогика ғылымдарының докторы Қазақбай Йулдаш, Қырғызстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Керімбек Қадырахунов,  Парламент депутаттары  мен есімі елге мәлім қаламгерлер қатысты. 

Ірі шарада «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Жүсіпбек Қорғасбек, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев, Түркиядан жеткен мәртебелі мейман Хажы Байрам университетінің профессоры Жәмилә Кынажы баяндама жасап, Мархабат Байғұттың шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы мазмұнды ойын ортаға салды.

дд

Сондай-ақ, мұхиттың арғы жағынан жеткен педагогиға ғылымдарының докторы Қундузхон Хусанбоева мен Петропавлдан әдебиеттанушы ғалым Ботакөз Тағұдретованың бейне құттықтаулары көрсетілді. 

Симпозиумның екінші бөлімінде жазушы Нұрғали Ораздың «Мархаббат» атты жаңа пьесасынан үзінді сахналанып, жазушының өмірбаяны негізінде дайындалған деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Шара барысында  «Киікоты иісі сіңген қалам» инсталляциялық көрмесі көпшілік көзайымына айналды. Арнайы жасақталған көрмеде жазушы өмірінің соңғы кезеңінде пайдаланған жеке заттары мен құжаттарының түпнұсқалары қойылды. 

дд

Шара соңында студент-жастар арасындағы республикалық шығармашылық байқау жүлдегерлерін қазылар алқасының төрағасы Әмірхан Меңдеке, оқушылар арасындағы «Мархабат оқулары» облыстық байқауының жеңімпаздарын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев марапаттады.

лл

Айта кетейік, бүгін Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы сазды драма театрда Мархабат Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» қойылымы сахналанады.