Әлем • Кеше

Түркияда ұшақ толық тоқтамай орнынан тұрған жолаушыларға айыппұл салынады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының (SHGM) жаңа циркулярында көрсетілген талапқа сәйкес елде ұшақ қонған кезде экипаждың рұқсатын күтпей орнынан тұрып, қозғалған жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда ұшақ толық тоқтамай орнынан тұрған жолаушыларға айыппұл салынады

Фото: Ашық дереккөз

Құжатта соңғы уақытта ұшақтағы тәртіпке байланысты жолаушылардан түскен шағымдар санының артқаны және SHGM жүргізген тексерістер нәтижесінде тәртіп бұзушылықтардың жиілегені атап өтілген. Атап айтсақ, ұшақ толық тоқтамай тұрып, орнынан ерте тұрып, дәлізге шығу, қауіпсіздік белдіктерін шешіп, багаж сөрелерін ашу және экипаж ескертулеріне құлақ аспау.

Мұндай әрекеттер жолаушының өз қауіпсіздігіне ғана емес, өзгелер мен ұшақ ішіндегі мүлікке де қатер төндіреді. Осыған байланысты барлық авиакомпанияларға қауіпсіздік ережелерін күшейту тапсырылып, рейс барысында темекі шегуге тыйым салу мен қауіпсіздік белдігін тағу туралы міндетті хабарландыру жасау енгізілді.

Turkish Airlines компаниясы бұл өзгерістер жөнінде өз бортсеріктерін алдын ала хабардар еткен. Айыппұлдың нақты көлемі әзірге белгісіз, алайда SHGM оның заң аясында қолданылатынын атап өтті.