
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Байқауға Кентау балалар көркемсурет мектебі мен ЮНЕСКО клубының 40-тан астам оқушысы қатысқан. Жас суретшілер табиғаттың әсем көріністерін қылқалам арқылы бейнелеп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өнер тілімен жеткізуге тырысқан.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа туған өлкенің табиғи байлықтарын құрметтеуді үйрету және оларды қоршаған ортаны қорғауға баулу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар балалардың экологиялық мәдениетін арттыруға және табиғатты сүю сезімін тереңдетуге жол ашады.
Айта кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Соның ішінде 35 түрі Қазақстан аумағында өседі. Оның 18 түрі еліміздің Қызыл кітабына енген. Қаратау таулары – осындай сирек кездесетін, ерекше өсімдіктердің мекені.